Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харрис демократияға қауіп төндіреді, өйткені оған партияның кандидатурасы заңсыз берілді, деді оның республикалық қарсыласы Дональд Трамп мәлімдемесінде.Бұл туралы Azatnews.kz Qazyr.kz-ке сілтеп хабарлайды.

«Харрис демократияға қауіп төндіреді.Олай болмаса қалайша ол жоғары дәрежеге көтеріліп кетті. Ол мені демократияға қауіп төндіреді дейді, бірақ керсінше ол қауіп төндіреді. Ол президенттіке үміткер болмауы керек еді, кандидаттықты оған тапсырып қоймай,әділ таңдау болуы керек еді!»,деді Трамп Пенсильваниядағы митингіде.Ол Харристі тарихтағы ең нашар вице-президент деп атады, және жұрт Американың қазіргі президенті Джо Байденге күлгендей, әлем «Харристі де мазақ етеді» деді ол.

Айта кетейік,АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Трамппен дебатта сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, Харрис президенттікке кандидат болды. Партия ауыстырылған кандидатты жартылай жабық түрде бекітіп, съезде бекітті.Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтеді.

Previous post

Солтүстік Корея Ресейге әскер жібере бастады

Next post

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолдандыТүркістан облысында “Cyberpol” жедел мақсатты тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды.Оның ішінде көпэпизодты қылмыстарға тоқталар болсақ, 25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген. Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, ақшаларыңызды көбейтіп, несиелеріңізді төлеп береміз деп алдаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа өткен. Жалпы келтірілген шығын – 160 млн теңгеден асады. АлШардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге ЭЦҚ-кілт ашып беремін деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген. 14,5 млн теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.Сондай-ақ “Cyberpol” қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 млн теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген. Тәртіп сақшылары облыс көлемінде халыққа қызмет көрсету орталығы, базар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп шоғырланатын орындарда “Интернет-алаяқтықтан сақ бол!” тақырыбында ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарды. Арнайы әзірленген 20 мың жадынама таратылып, 6 мың жабыстырмалы ақпарат ілінді.Полиция бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған алаяқтық қылмысына тосқауыл қою мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілетінін жеткізеді.

Отправить комментарий