Екібастұзда соққыға жығылған екі колледж студентінің жағдайы белгілі болды

29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні 00:59-да ұрып-соғу фактісі бойынша хабарлама түскен. Жарақат алған 2007 және 2008 туған балалар Екібастұз ауруханасына жеткізілді. 

👀Зардап шеккеннің бірі ауыр жағдайда жатыр. Ол көптеген бет жараларын алған. Кеуде қуысы мен бастың ашық жарақаты, бет сүйектерінің сынуы, кеуде мүшелерінің контузиясы диагнозы қойылды. Екіншісі травматология бөлімшесінде жатыр.

Екеуін бейтаныс адамдар соққыға жыққан.

Отправить комментарий