Алматы марафонында межеге бірінші болып келген қырғызстандық дисквалификацияланды
Қырғызстандық спортшы Айнуска Калилқызы Қазақстанда өткен марафонда межеге алғашқы болып келсе де, бірінші орын ала алмады.
❗️Калилқызы жүгіріп келе жатқанда велосипедшінің қолынан су алғаны үшін дисквалификацияланған. Себебі жарыс ережесі бойынша, су мен тамақты тек арнайы орындардан алу керек.
Әлеуметтік желіде қырғыз жанкүйерлері реніштерін білдіріп, Қазақстандағы спорт жарыстары әділ өтпейтінін жазып жатыр.
Отправить комментарий