Атырауда бұрынғы әйелін ұрғаны үшін сотталған экс-әкімге тек айыппұл салынды
Апелляциялық сот Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелін ұрып-соғу ісі бойынша үкімін қайта қарады. Нәтижесінде бас бостандығын шектеу жазасын айыппұлға ауыстырды. Енді Ибрагимов 2,4 миллион теңге айыппұл төлейді.
Бұған дейін сот ер адамды материалдық жағынан тәуелді адамға қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен еді. Сондай-ақ жәбірленушіге 2 миллион теңге төлеуге міндеттелген.
Отправить комментарий