АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға

Ф«Ертең Орал қаласындағы әкімшілік мені кәсіби қызметім үшін сотқа бермекші.Биліктің мені, «Орал апталығының» журналисі, әрі бас редакторы ретінде сотқа беруі бірінші рет емес.Бірақ әр кез айыптауы қисынсыздығымен мені таң қалдырады.Орал көшелерінде бірнеше тұрғынды әңгімеге тарттық. Бұл кәсіби жұмыс. Олардан 6-шы қазан күні елде қандай оқиға болатынын біле ме деп сұрадық. Біреулер біледі, біреулер білмейді. Халық АЭС құрылысы жобасына өз көзқарасын білдірді, біреуі қолдады, біреу қарсы болды.

Қайталап айтамын – видеода алты-жеті адамның сұхбаты бар. Бас прокуратурадағы біреулер, халық арасында сауалнама жүргіздік деп шешіп, жергілікті прокуратураға бұйрық берді. Олар тез арада Әкімшілік сотқа жеке тұлға ретінде маған айып тағып, «Журналистік бастама» ЖШС-нің үстінен екінші айып салды», — деп жазды Орал апталығы газетінің бас редакторы Еслямова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Отправить комментарий