Ақмола облысында балалар арасында белгісіз ауру тараған
Есіл қаласында ата-аналар балалар арасында өршіген ауруға алаңдаулы.
Денсаулық сақтау басқармасы бұл энтеровирусты инфекция екенін айтты.
Айтуларынша, бұл вирус кезінде адамның қызуы көтеріліп, диарея, бөртпе пайда болуы мүкін.
«3-9 қыркүйек аралығында жеңіл дәрежелі энтеровирусты инфекция жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Қазір төрт бала емделуде. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық», — деп хабарлады тілшімізге облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Отправить комментарий