«Баламның өмірі үш мың теңгеге теңелді ма?» Зайсаннан Жаңабазарға 18 жастағы сарбаз табытпен оралды,деп хабарлайды Azatnews.kz.
Оқиға Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 7 қараша күні болған.Алдын ала хабарлама бойынша,сарбаздың өліміне суицид себеп болған делінген.Марқұм шекарашы сарбаз өзіне АК-47 мылтығынан екі рет басына оқ атып,жан тапсырған.
Қазір осы іске қатысты құзырлы орган өкілдері Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Дегенімен марқұм болған шекарашы сарбаз Мұхамедияр Тастанның жақындары мұндай әскери бөлімге жіберілуі үшін сарбаздың денсаулығы тексерілетінін,кетпей жатып үш рет мед-тексерістен өтіп, «денсаулығы жақсы» деген анықтама алғанын айтып, «сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болды» деген ресми органдардың хабарламасына сенбейтінін айтты.
Жақындарының айтуынша, ол әскерге кеткеннен кейін біраз айдан соң қатты азып кеткен.Сондай-ақ,жақындары мен таныстарынан жиі ақша сұраған екен.Анасы марқұм баласының бір досынан үш мың теңге сұрағанын,бірақ досы ол ақшаны тауып бере алмағанын айтып өкінішін жеткізді.«Өмірі сол үш мың теңгемен қиылды ма?Өзімді сатсам да,тауып берер едім ғой!Баламның өмірі үшін үш мың емес,үш миллион тауып берер едім ғой.Баламның өмірі үш мың теңгеге теңелді ма?,- деп жылап қалды.
Отправить комментарий