Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды. 

Түзеу инспекциясының өкілдері адвокат Жанна Оразбақованың Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқан жеріне қатысты сауалына жауап берді. Заңгер департаменттің жауабын Instagram-әлеуметтік желісінде жариялады.

Қазір сотталған Қ.Бишімбаев Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр (мекенжайы: Ақмола облысы Степногор қаласы, 7-өндірістік аймақ, 14 А корпусы)», — делінген жауапта.

Айта кетейік, бұл колония Астанадан үш сағаттық жерде орналасқан.

Отправить комментарий