Енді елімізде көліктің алдыңғы терезесін қараңғылатуға рұқсат берілмек
Депутат Олжас Құспековтың сөзінше, елімізде көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға қатысты ІІМ тыйымы күшін әлі жойған жоқ. Дегенмен әйнекті қараңғылауды заңдастыру талқыланып жатыр. Рұқсат құны жылына 400 мың теңге болуы мүмкін.
Оның сөзінше, терезені қараңғылатуға жүргізушілердің жартысы келіседі. Мәселен Қазақстанда 5 миллионға жуық автокөлік тіркелген.
“Рұқсат берілген жағдайда 2,5 миллион көлік иесі осы қызметті пайдаланса, бұл бюджетке жылына 1 триллион теңге пайда әкелуі мүмкін”, – деді депутат.
Депутаттың сөзінше, көлікті қараңғылауға қолданылатын тариф көлемі 400 мың теңгеден сәл артық немесе аз болады. 400 мыңды 12 айға бөлсек, тариф қолжетімді дейді.
❓ Ал сіз көліктің алдыңғы терезесін қараңғылатуға және рұқсат құнымен келісесіз бе
Отправить комментарий