Келестік тұрғындар ауыз судың жоқтығынан,сатып алып ішуге мәжбүр.Аудан әкімдігі қазына қаржысын талан-таражға салған ба?

Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауыл тұрғындары ауыз судың жоқтығынан,сатып алып отыр.Кейбірі көрші-қолаңдарынан тасып жатыр.Ауылға барған біздің тілшілер ауыз судан бөлек көше орталықтарында түнде жарықтын жоқтығын да байқады.

Осы тұста Келес аудандық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаев мырзадан сұхбат алды.
«Халық өзі кінәлі,беріліп жатырған суды ашық қалдырып кетуінен,екінші бір көшеде орналасқан тұрғындарға су ағысының күші жетпей жатыр.»,-деп ауыл тұрғындарының өздерін кінәлады.

Президентіміз айтқандай, «Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын.»,-демекші Келес ауданында ауыз су,асфальт,көшелерді жарықтандыру сынды мәселелер жетіп артылады.Айтқандай бұл мәселерді шешу үшін аудан әкімдігі бюджеттен қаражатта бөлдірген.Алайда қазына қаражатын дұрыс игере алмады ма?Онысын білмедік халық ашуы басылар емес.

Біз Келес ауданы Ақтөбе ауылындағы инфрақұрылым мәселелері толықтай шешімі табылып,халықтың сұрауы жерде қалмаса екен дейміз!Құрметті Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырза осы мәселені өз назарыңызға алсаңыз,халықтың назын тыңдасаңыз!

Previous post

Маңғыстаудағы полигонда лейтенант атқан оғы сарбаздың бетіне тиіп,мерт қылды

Next post

Астана қаласындағы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловты 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді.Бұл туралы Azatnews.kz хабарлайды.

Отправить комментарий