Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады.
Ғалымдар әлемде ауыр індеттің тағы бір толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр.
😷 Коронавирустың жаңа түрін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елінің азаматтары да жұқтырған. Америкалық ғалымдар бұл вирустың бұрынғылардан қауіптірек әрі ол тез жұғатынын айтып жатыр.
«Коронавирустың жаңа штаммдары үнемі пайда болып отырады. Біз ковидтің ешқайда кетпейтінін түсінуіміз керек. Өйткені вирус мутациясымен сипатталады. Яғни мезгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін. Өткен аптада елімізде 25 науқас стационарда медициналық көмекке жүгінген. Біз, бұрынғыдай, халықтан сынама алып, Ковид-19 қоздырғыштарының бар-жоғына зерттеу жүргіздік. Қандай штамм айналымда екенін анықтадық. Әзірше халықтың алаңдауына еш себеп жоқ», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы Роза Қожапов.
Отправить комментарий