Көшеде іш киімін шешіп видеоға түскен блогер жауапқа тартылды.Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.
Астана қаласының сауда орталығының бірінде өзінің іш киімін шешіп «Сенімді қыздарға іш киімнің қажеті жоқ» деп видео түсірген блогер қыз жауапқа тартылды.Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Достар, бәріңе сәлем! Желіде ұзақ уақыт болмағаннан кейін байланысқа шығып отырмын. Бүкіл қазақстандық естіген шығар, көрген шығар. Барлық жерде «Астаналық қыз солай істеді» деп жазып жатыр. Тиісті органдар менімен байланысқа шықты, мен өз әрекетім үшін жауап бердім», — деді блогер қыз әлеуметтік желідегі парақшасында.
Отправить комментарий