Маңғыстаудағы полигонда лейтенант атқан оғы сарбаздың бетіне тиіп,мерт қылды

Қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысының Оймаша полигонында болған.Сағат шамамен 17:00-17:10 аралығында гвардия кезекшісі лейтенант ПМ 9 мм тапаншасымен рұқсат етілмеген оқ атып,қатардағы сарбаз Марат Ерболұлы бетіне тигізіп жіберген.

Жарақат алған сарбазды қалалық ауруханаға жедел түрде жеткізгенімен, ол жол бойында жан тапсырған.

Полигонда болған оқиғаға қатысты сарбаздың әкесі: «Жан дегенде жалғыз баламды әскерге жіберіп,мәйітін алдым.Бұл абайсызда болған жайт емес!Қару атылып кетуі үшін сақтандырғыштан алыруы керек.Бұл абайсызда болмайды!»,-дейді Мараттың әкесі.

Сондай-ақ сарбаздың әкесі қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне бара жатқандығын,істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын айтты ол.

Отправить комментарий