Сарыағаштық полицейлер бір қыстақтан 3 рет мал ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысындағы Сарыағаштық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жайылымға 3 рет ұрлыққа түскен жас күдіктіні ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол қаражат табу мақсатында қылмысқа барған. Яғни түнгі уақытта тұрғынның жайылымда жүрген сиырын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған.
Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажеттілігіне жұмсаған. Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек мал ұрлығының екі фактісіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 1,5 миллион теңге.
Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа жолданды.
Отправить комментарий