Солтүстік Кореяда су тасқынына аллын-ала қамданбаған 30-ға жуық шенеунік өлім жазасына кесілді.
Оңтүстік Кореяның TV Chosun телеарнасының мәліметінше, өлім жазасына «су тасқынынан келетін зардаптың алдын алмау» себеп болған.
Дәл осы жазаға кесілетіндердің ішінде әкімдер деңгейіндегі шенеуніктер де бар.
Айта кететін жәйт, шілде айының соңында Солтүстік Кореяның солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбырдың әсерінен су тасқыны болған.Салдарынан 4,1 мыңнан астам үй мен ауылшаруашылық алқаптары зардап шекті.Сондай-ақ 1,5 мыңға жуық адам қайтыс болған дейді кей дерекөздердің хабарлауынша.
Отправить комментарий