«Сырадан шыққан жанжал»Талғарда дүкеншінің баласына пышақ сұғып,мерт қылды
Алматы облысы, Талғар ауданында жанжал кезінде қаза болған жасөспірімнің жақындары тергеудің әділ әрі ашық болуын талап етуде. Олар жас баланы өлтіргендердің жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отыр.7 қазанда марқұмның баланың туыстары Талғар ауданының әкімдігіне барып, әділетті сот өткізуді сұрады.Олар әкімдік алдында күдіктілердің барлығын қамауға алуды талап етті.
16 жастағы марөұм болған Шерзат Болаттың әкесі бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жолдап, жергілікті билік шара қолданбай отыр деп наразылығын айтты.
«Мен қайтыс болған, марқұм балам Болат Шерзаттың әкесімін. Бас прокуратураға, тікелей Берік Ноғайұлына үндеу жасағым келеді. Балам ит өліммен қаза тапты. Содан бері Талғар әкімі, прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімшесі бастығы ешқандай іс-әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр, баламның аты-жөнін де білмейді. Хәл-жағдайды сұрауға шамасы келмеді, түн жарымында бізді тергеуге шақырып, өзімізге арыз жаздырып отыр. Ашық сот болуын талап етемін. Әділ шешім болсын! Менің баламмен жасты балалар пышақталмасын, өлмесін деймін!» — деді әкесі.
Алматы облысының полиция департаменті «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс ашылып, күдіктілердің барлығы қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ күдіктілерді ұстау сәті бейнежазба арқылы көрсетілді.
Отправить комментарий