Тоқаев Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құрудағы рөліне тоқталды

Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі.

Президент өз сөзінде тұңғыш президентке тоқталып өтті.

«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күнінде біз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды еңбегін атап өтуге тиіспіз. 

Оның қазіргі Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші тарихи рөл атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет. 

Ел үшін жасалған қызмет ешқашан ұмытылмауы керек, ел жадында сақталуға тиіс», – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ қазақстандықтарды әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Отправить комментарий