Трамп Зеленскиймен Ресейге зымырандық шабуылына байланысты кездесуден бас тартты
Трамп Зеленскиймен Ресейге зымырандық шабуылына байланысты кездесуден бас тартты,бұл туралы Azatnews.kz Резидент телеграм арнасына сілтеп хабарлайды.
Резидент телеграм-арнаның хабарлауынша, Дональд Трамп Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден бас тартқан. Бұл шешім Ресей аумағына жасалған зымыран соққыларына байланысты қабылданған деп мәлімделуде.Дереккөзге сүйенсек, Трамптың кеңес бергеніне қарамастан, Украина президентінің кеңсесінің басшысы Андрей Ермак оның сөздерін елемей, жағдайды ушықтырып жіберген.
EADaily агенттігі мәлімдегендей, Украина билігі Трамптың Украинаға қатысты жоспарларына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұған дейін, Нью-Йорктегі кездесуде Зеленский Трамппен келіссөздер жүргізіп,Қытайды украин ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін шектеу туралы ұсыныс жасаған болатын.
Отправить комментарий