Түркістан облысы вет қызметі басшысы әріптертеріне бөлінген сыйақы қаражатты өз пайдасына жаратып жіберген

Түркістан облысындағы «Ветеринарлық қызмет» басшысы Бақытжан Бегмановтың әріптестерінің сыйақысына тиесілі қаражатты өз пайдасына жұмсап жібергені анықталды

Бегмановқа сеніп тапсырылған 115 қызметкердің жалпы сомасы 5,5 млн теңге сыйақысын өзіне жинап алғаны дәлелденді.Ол қызметтік міндеттерін жеке басының пайдасына пайдаланып, әріптестеріне моральдық және материалдық зиян келтіргені үшін айыпталып отыр.Оған сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сондай-ақ,ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Отправить комментарий