ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚЫШ ЗАУЫТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫТүркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімдігінің қолдауымен аудан, қала әкімдері мен кәсіпкерлер көршілес елдердің кәсіпорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ол кездесулер жемісін беруде. Ордабасы ауданында бой көтеретін зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады. Облыс әкімі жобаны уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.– Шетелдің озық технологияларын меңгеріп, батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл зауыттың жоспарланған мерзімде ашылуы қадағаланады. Жұмыс істеймін, халықты жұмыспен қамтимын дейтін инвесторлар мен кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіледі, – деген Дархан Сатыбалды жаңа зауыттың уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты.«Altyn land» ЖШС-нің директоры Береке Дүйсебеков жобаға қолдау көрсеткен облыс, аудан басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, қыш зауытында заманауи технологиялр қолданылады. Жобаның жалпы құны – 5 млрд. теңге, кәсіпкердің жеке қаржысы және несие арқылы жүзеге асырылады. Аталған зауытта жылына 90 млн. дана кірпіш, күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ зауытта жергілікті 70 тұрғын жұмыспен қамтылады. Бүгінде жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде, ҚХР-дан құрал-жабдықты жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылып, жер тегістеу, іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІТүркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.– Өңірімізде ауылды елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Білім, медицина, спорт, мәдениет нысандары салынуда. Бүгін спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Бұның бәрі сіздер үшін, жастар үшін үлкен қолдау деп ойлаймын. Осында жаттыққан спортшы жастарымыз әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығара берсін! – деген Дархан Сатыбалды спорт кешенін аралап көріп, спортшылармен, бапкерлермен жүздесті.Жобаның құны – 1 132 223,6 мың теңге. Жер телімінің ауданы – 1,5 гектар болса, құрылыстың ауданы – 2488,59 шаршы метр. Нысанның құрылысын «Қаратау ЛТД» ЖШС жүргізген.Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады. Залға 210 көрермен сияды.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары спорт кешенінің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, өңір басшысымен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, аймақты дамыту жолдары сөз болды. Аталған спорт кешенінде Қажымұқан атындағы №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасады. Бұл спорт мектебінде 1000-ға жуық бала жаттығып жүр.

Next post

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топ өкілдерімен кездесті.Бұл туралы Qazyr.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөзіне сілтеп хабарлайды.

Отправить комментарий