«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды

Алматы облысы полициясының мәліметінше, 4 қарашада Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасанға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады. Сот шешімімен ол екі айға қамауға алынды.

Айта кетейік, ол 2 қарашада үш жыл бұрын жасалған қылмысы үшін қамауға алынған еді. Хасан 2021 жылы ережесіз жекпе жектен жаттықтырушыны ұрлап ұрып соқты деген күдікке ілінген. 

Отправить комментарий