Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Парасат» орденін иеленді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Парасат» орденін иеленді.
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Парасат» орденінің иегері атанды.
Сондай-ақ марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар.
Отправить комментарий