Өскеменде тұрғындардың зәресін алған жағдайдың мән-жайы белгілі болды
Әлеуметтік желілерде тараған фотодан қала көшелеріндегі ағаштардың біріне ілінген, қара түсті пакетке оралған, адамға ұқсас белгісіз дүниені көруге болады.
Қаладағы кафелердің бірінің қызметкерлері Хэллоуин мерекесіне орай қаланы осылай безендірмек болғандары анықталды. Тұрғындардың зәресін алған “әшекей” алынып тасталған.
Сонымен қатар ерекше идеяның авторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл салынды.
Отправить комментарий