‼ Алматыда қоқыстан әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Мәйіт 11 ақпанда «Green Recycle» ЖШС қалдықтарды өңдеу зауытының аумағында қалдықтарды сұрыптау кезінде табылған.
Полиция мәліметінше, 9 ақпанда 1989 жылы туған әйел мен оның азаматтық некедегі жолдасы жалдамалы үйде бірге ішімдік ішкен. Кейін екеуінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан 1983 жылы туған ер адам әйелді пышақтаған. Мәйітін бөлшектеп, қоқыс контейнеріне лақтырған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Отправить комментарий