“23 адам зардап шекті”: Алматыда ірі жол апаты болды

Алматының Бурундайская көшесінде МАЗ маркалы кранның, №10 маршруттық автобустың және бірнеше жеңіл машиналардың қатысуымен ірі жол апаты болды. 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azatnews.kz.

Жол апаты кеше кешкі 18:10 шамасында болды. Автокран МАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен Mersedes және KIA көліктерімен соқтығысқан, артынша қарсы бағытқа шығып, автобус пен Subaru-ға соғылған.

Апат салдарынан 23 адам зардап шекті, оның ішінде автобустағы жолаушылар мен жеңіл көлік жүргізушілері бар.

Полиция оқиға бойынша тергеу бастады.

Отправить комментарий