24 жасар шымкенттік тиктокер қыз полицей формасында желіде тікелей эфирге шыққан.
ІІМ мәліметінше, полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Тиктокердің полицияға ешқандай қатысы жоқ.
Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленді
Отправить комментарий