6 айда сеніміне кіріп алған“. Астанада көмекші үй иесін тонап кеткен

Астана қаласының Нұра аудандық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы әйелді анықтады.

Тергеу нәтижесінде күдіктінің жәбірленуші үйінде көмекші болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол алты ай бойы аптасына екі рет жұмысқа келіп, үй иесінің сеніміне кіре отырып, тұрғын үйге еркін қол жеткізген.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгені құраған.

Отправить комментарий