Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Ұсталған күдіктілер саны сегізге жетті 

Ішкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тергеліп жатыр.  

«Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар», — делінген министрлік жауабында. 

Бұдан бөлек іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған. 

Отправить комментарий