Қарағандының экс-әкімінің ұлы 78 жастағы анасын ұрғаны үшін үш жылға сотталды
Сот мәліметінше, айыпталушы үйде анасымен жанжалдасып, басы мен денесінен ұрып, теуіп, денсаулығына зиян келтірген. Осылайша жәбірленуші жабық бас-ми жарақатын алған. Нәтижесінде 78 жастағы қарияның миы шайқалып, оң көз орбитасының бүйір қабырғасы сынған.
Дегенмен ұлы сот кезінде өз кінәсін мойындамаған және жасаған ісіне өкінбейтінін жеткізген. Нәтижесінде ол 3 жылға сотталып, 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды.
Бұған дейін, ақпан айында Қарағандының экс-әкімі Шәймерден Оразалиновтың ұлы анасын ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді. Ол 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырып, ішкі мүшелерін зақымдаған.
Отправить комментарий