88 жастағы қария жалған айыппен түрмеде 56 жыл отырған

Оқиға Жапонияда болған. Өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Себебі оған тағылған «1966 жылы тұтас бір отбасын өлтірді» деген айып жалған болып шықты.

Адвокаттарының айтуынша, ондаған жылдар бойы ең ауыр жазаны күткен Хакамада психикалық ауруға шалдыққан. Сондықтан қария кешегі сот тыңдалымына қатыса алмады.  

Отправить комментарий