Солтүстік Қазақстан облысына қар жауды

Солтүстік Қазақстанда 9-шы қазанда ауа-рай күрт өзгеріп,қар жауып кетті.Ал синоптиктер бұл ауа райының бір-екі күнге созылатынын атап өтті деп хабарлайды Azatnews.kz Qazyr.kz-ке сілтеп.

Айта кетейік ,«Қазгидромет» РМК СҚО филиалы 9 қазаннан бері қар, боран, көктайғақ жайлы ескерткен болатын. Бұндай қолайсыз ауа райы ертең де сақталады. Болжам бойынша бүгін өңірдің батыс, солтүстік және шығысында жаңбыр, қар жауады. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетпек. Ал облыстың солтүстігі мен шығысында дауыл тұрып, екпіні 30 м/с жетеді.

Отправить комментарий