«Жұрттың баласы» YouTube-арнасының авторын полиция қызметкерлері ұстап әкетті

Мұрат Даниярдың сөзінше, оған референдум алдында АЭС туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр екен.  

«Менің үйіме полиция келді. Қазір полиция бөліміне келдім. Маған референдум алдында әдейі жалған ақпарат тараттың деп айып тағып отыр», — деді Мұрат Данияр.

Ол қазір қасында адвокаты барын айтты. Полиция толық ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді. 

Мұрат полиция бөлімінен босатылды. Алайда әзірге нақты мәлімет жоқ.

Отправить комментарий