Иранда студент қыз хиджабқа қатысты ескертуден кейін көшеде киімін шешіп тастады
Тегерандағы Азад ислам университетінің қауіпсіздік қызметі қызға хиджабты дұрыс кимегені үшін ескерту жасаған, деп хабарлады Iran International.
Осыдан кейін студент қыз наразылық ретінде киімін шешіп тастаған. Сол үшін қамауға алынды.
▪️Иранда хиджаб кию – міндет. Оны заңмен бекітіп қойған. 10 күннен екі айға дейін қамауға алу немесе ақшалай айыппұл қарастырылған.
Бірақ хиджабты киюге қатысты нормалар әлі толығымен бекітілген жоқ. Заң жобасы әзірленіп жатыр.
Отправить комментарий