Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылды

Федерация осындай мәлімдеме жасады. 

«Шешім федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды. Ол тағайындалғалы бері оның басшылығымен бірде-бір ресми кездесу өткізілген жоқ, жұмысқа қатысты ешқандай бұйрықтар шығарылған жоқ», — делінген федерация хабарламасында.

Ол бұл қызметке 28 қазанда ғана келген.

▪️Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталған еді.

Отправить комментарий