Базардан, әрине, бәрін табуға болады. Бірақ арыстанды көремін деген ой болды ма?
Мұны Шымкент базарының маңынан арыстанның күшігін сатпақ болған оқиғаға байланысты айтып отырмыз.
Полиция арыстанның күшігін Түркістан облысының тұрғынына тиесілі көліктің жүксалғышынан тапқан.
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарды заңсыз ұстауға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
Отправить комментарий