Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топ өкілдерімен кездесті.Бұл туралы Qazyr.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөзіне сілтеп хабарлайды.

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы айтылды.
– Қасиетті Түркістанға қош келіпсіздер. Өздеріңіз білесіздер, Президент тапсырмасымен заң жобасы әзірленіп, сіздердің қарауларыңызға ұсынылды. Бұл заң жобасының Түркістан үшін маңызы зор. Түркістанның тарихи келбетін, ескерткіштері мен мұраларын сақтап, ұрпаққа жеткізу – үлкен жауапкершілік. Аталған заң жобасы Түркістанның мұрасын сақтап, туризмі мен қолөнерін, экономиксын дамытуға серпін береді, – деген Дархан Сатыбалды Астанадан келген арнайы жұмысшы топ мүшелеріне алғысын білдірді.
Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Түркістанның тарихи рөліне тоқталды.
– Парламентте Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде жұмысшы топ құрылды. Оның құрамында Мәжіліс депутаттарымен қатар бірнеше министрлік өкілдері бар. Түркістанға келудегі мақсатымыз – осы заң жобасын жергілікті тұрғындармен бірге талқылау. Ел ақсақалдарымен, зиялы қауыммен, тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаймыз, – деді ол.
Кездесуде Мәжіліс депутаттары – Нұрлан Әуесбаев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиевтер өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова да заң жобасын талқылау үшін Түркістанға арнайы келген. Шаһарда бірнеше кездесу өткізу жоспарланған..

Previous post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚЫШ ЗАУЫТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫТүркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімдігінің қолдауымен аудан, қала әкімдері мен кәсіпкерлер көршілес елдердің кәсіпорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ол кездесулер жемісін беруде. Ордабасы ауданында бой көтеретін зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады. Облыс әкімі жобаны уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.– Шетелдің озық технологияларын меңгеріп, батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл зауыттың жоспарланған мерзімде ашылуы қадағаланады. Жұмыс істеймін, халықты жұмыспен қамтимын дейтін инвесторлар мен кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіледі, – деген Дархан Сатыбалды жаңа зауыттың уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты.«Altyn land» ЖШС-нің директоры Береке Дүйсебеков жобаға қолдау көрсеткен облыс, аудан басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, қыш зауытында заманауи технологиялр қолданылады. Жобаның жалпы құны – 5 млрд. теңге, кәсіпкердің жеке қаржысы және несие арқылы жүзеге асырылады. Аталған зауытта жылына 90 млн. дана кірпіш, күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ зауытта жергілікті 70 тұрғын жұмыспен қамтылады. Бүгінде жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде, ҚХР-дан құрал-жабдықты жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылып, жер тегістеу, іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Next post

Алматы облысында ер адам әйелге бензин шашып, өртеген

Отправить комментарий