Қазақстан билігі орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөлмекші.Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы шартты» мақұлдады. Бұл туралы Azatnews.kz тілшісі хабарлайды.

Сенат депутаты Андрей Лукиннің мәлімдемесі Қазақстанның тілдік саясатындағы маңызды мәселелердің бірі ретінде қоғамдық пікірталас тудырып жатыр. Оның айтуынша, 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттен 131 миллион теңге халықаралық орыс тілі ұйымының жұмысына жұмсалмақ. Бұл ұйымның мақсаты – орыс тілін халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолдау және дамыту.

Ұйымның құрылуына алты ел – Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қатыспақшы.Ұйымға 131 миллион теңге республикалық бюджеттен 2025-2027 жылдарға бөлінеді. Бұл сомаға ұйымның әкімшілік шығындары, іс-шараларды ұйымдастыру, ғылыми жобалар және тілдік ресурстар әзірлеу сияқты жұмыстарына жаратылуы мүмкін.

Мұндай шешімдер қоғамда әртүрлі көзқарастар тудырып жатыр,қолдаушылар тарапы орыс тілі – ТМД елдері арасындағы ресми тілі екенін және ұлтаралық қатынастарды нығайтып, экономикалық интеграцияға ықпалын тигізеді десе,қарсы тарап «мемлекеттік қазақ тіліне жеткілікті көңіл бөлінбей жатқанда, орыс тілін қолдауға қосымша қаржы бөлінуі дұрыс па?»,-деген пікірде.

#Новости #жаңалық #прямойэфир #астана #алматы #қазақстан #авария #тікелейэфир #апат #сұмдық #шымкент #алматы #қылмыс #медицина #азатниус #полиция #түркістан

Мәдениет Және Тіл

Отправить комментарий