Bild басылымының хабарлауынша, Ресей Украинаны 2026 жылға қарай үш бөлікке бөлуді көздейтін жоспар дайындап жатыр.
Бұл жоспар Украинаның территориялық тұтастығына төнген үлкен қауіп ретінде бағалануда.
Шығыс Украина: Қырымды қосқанда Украинаның шығыс бөлігін толық Ресей құрамына қосу. Орталық Украина: Киев, Сум және Одесса сияқты стратегиялық маңызы бар облыстардан «Ресейге бейім мемлекет» құру. Батыс Украина: Батыс өңірлерді «даулы территория» ретінде қалдырып, саяси және экономикалық тұрақсыздыққа ұшырату.
Бұл жоспардың авторы ретінде Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведевтің аты аталды. Медведев соңғы жылдары ұлтшыл әрі арандатушы мәлімдемелерімен танылып келеді.
Ресей билігі мұндай жоспарды жүзеге асыру арқылы Украинаның егемендігі мен халықаралық танылған шекараларын түбегейлі бұзуды көздейтіні айқын.
Бұл сценарий тек Украина үшін ғана емес, Еуропа мен бүкіл әлемдегі тұрақтылық үшін қауіп төндіреді.Бұл болжамның нақтылығы белгісіз болғанымен, Ресейдің аймақтағы агрессиясы жалғасып келе жатқанын ескере отырып, мұндай жоспарлар мүмкін деген ойды жоққа шығаруға болмайды.
#Новости #жаңалық #прямойэфир #астана #алматы #қазақстан #авария #тікелейэфир #апат #сұмдық #шымкент #алматы #қылмыс #медицина #азатниус #полиция #түркістан
Отправить комментарий