АҚШ Конгресі: Коронавирус Қытайдың зертханасынан таралуы мүмкін деген қортындыға келді,деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.
АҚШ Конгресі COVID-19 пандемиясына қатысты екі жылдық тергеу жүргізіп, вирустың Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы ықтимал деген қорытындыға келді. Бұл пікірді дәлелдейтін бес негізгі себеп келтірілді:
- Табиғи емес қасиеттер: COVID-19 вирусының табиғатта кездеспейтін ерекше биологиялық сипаттары бар.
- Таралу дерегі: Бастапқыда вирустың барлық жағдайы бір адамнан таралған деген болжам жасалды, бұл табиғи таралу заңдылықтарына қайшы келеді.
- Ухань зертханасы: Қалада SARS және басқа коронавирустарды зерттеумен айналысатын зертхана бар, бірақ биологиялық қауіпсіздік талаптары жеткіліксіз болған.
- Қызметкерлердің ауруы: 2019 жылдың күзінде, пандемия басталмас бұрын, осы зертхананың кейбір қызметкерлері COVID-19-ға ұқсас ауруға шалдыққан.
- Қаржылық алаяқтық: Пандемия кезінде АҚШ-та 250 миллиард доллардан астам қаржы ұрланған. Оның ішінде салық төлеушілердің қаражаты мен жалақыны қорғау бағдарламаларына бөлінген қаражаттар бар.
Отправить комментарий