Елордалық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

Сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады.

Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтерконкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына берілді, 5 пәтер тапсырылусатысында.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Отправить комментарий