Алматы облысы Іле ауданындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталмаған.
2 жыл бұрын қолданысқа берілуі керек нысанның құрылысы сол күйі тоқтап тұр.Жобаға жауапты тараптардың әрекеті мен қаржының дұрыс игерілмеуі Мәжіліс депутаттарының назарын
аударды. Алматы облысы, Өтеген батыр ауылындағы 400 адамдық мәдениет үйінің құрылысы 2022 жылы басталып, бұл жоба 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілуі тиіс еді,алайда құрылыс әлі аяқталмаған.
Жобаға бөлінген 2,2 млрд теңге қаржыға, бұл секілді нысандарды 9ай ішінде бітіріп, қолдануға беруге болады дейді мамандар. Бұл мәселе — жергілікті биліктің талапшыл болмауынан мүмкін дейді.
#Новости #жаңалық #прямойэфир #астана #алматы #қазақстан #авария #тікелейэфир #апат #сұмдық #шымкент #алматы #қылмыс #медицина #азатниус #полиция #түркістан
Отправить комментарий