Әрбір қазақстандық бала заманауи мектепте білім алуға толық құқылы

Сілтеме ютуб арнадағы видеоға https://youtu.be/j9SHVaYnE_I?si=-eK0XRxAE9taMwWq
Сайрам ауданында орналасқан Айнабұлақ НОМ асханасына арнайы зерттеу зерттеу жүргіздік. Бұл орында І ауысымда 151 бала тамақтанады, ІІ ауысым 100 бала, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шаққан 15 және 18 бала.
Оқушылардың тамақтанатын орнының тазалығы, азық-түліктердің сақталуы сынды мәселелер ата-аналарды ғана емес, қоғамды алаңдататыны сөзсіз. Білім ұясының басшысы Анвар Ахмедовпен бірге арнайы жауапты қызметкерлермен тілдестік. Олардың мәзір туралы айтар ойын тыңдадық.
Асхана мамандарының сөзінше балалардың құнарлы тамақтануы үшін барлық жағдай жасалған. «Мектеп оқушылары дұрыс тамақтану үшін асхана сөрелеріне дәрумендерге бай жеміс жидектерді де алып келдік. Бағасы қолжетімді» дейді кәсіпкер.

Отправить комментарий