ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ЖЫЛДА 14 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың мәліметінше, 2018-2024 жылдары 14 161 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 7 567 отбасы коммуналдық тұрғын үй алды, ал 6 594 отбасы ипотекалық бағдарламалар арқылы баспанаға қол жеткізді. Жыл сайын орташа есеппен 2 200 пәтер беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Отправить комментарий