Павлодарда жеті мектептің оқушылары шұғыл эвакуацияланды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 10:45-те №39 мектептің директорына белгісіз адам қоңырау шалып, мектепте бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Бұл ақпарат бірден құқық қорғау органдарына жеткізіліп, оқушылар эвакуацияланды. Кейін дәл осындай қоңыраулар тағы алты мектепке түсті.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. 

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Отправить комментарий