НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЖЕТІСАЙДАҒЫ БІЛІМ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Жетісай ауданына барып, бірнеше нысанның жұмысымен танысты. Алдымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысын көріп, мердігерлермен туындаған мәселелерді талқылады. Әкім жұмыс сапасын төмендетпеуді тапсырып, құрылысты 2025 жылдың мамырында аяқтауды міндеттеді.

2250 шаршы метр аумақта орналасқан бұл заманауи мектептің құрылысын «Bazis Construction» ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба 2023 жылдың тамызында басталған, қазіргі таңда 53%-ы орындалды. Құрылыс алаңында 74 адам жұмыс істейді. Жобаның құны – 8,5 млрд теңге.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Камилжон» шаруа қожалығының қырыққабат алқабына барып, шаруалармен кездесті. 1996 жылы құрылған шаруашылықтың жалпы аумағы – 80 гектар. Өткен жылы 8 гектар жерге қырыққабат егіліп, 35 тонна өнім Ресейге экспортталды. 72 гектар жерге мақта егіліп, 30 центнер өнім алынды. 2025 жылы қожалық 15 гектарға қырыққабат, 6 гектарға қарбыз, 59 гектарға мақта егуді жоспарлап отыр.

Отправить комментарий