“Жол қауіпсіздігі – басты назарда!”
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!




Қазақстан Республикасының аумағында ағымдағы жылдың 18-21 ақпан аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу фактілерін анықтау. Атап айтқанда:
• Көлік құралдарын мас күйінде басқару;
• Қауіпті маневр жасау және басып озу ережелерін бұзу;
• Қауіпсіздік белдігін тақпау;
• Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту сияқты құқықбұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданатын болады.
Осыған байланысты, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға және жауапкершілік танытуға шақырамыз!
Жол қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ міндеті!
Отправить комментарий