19 660 теңге: Шымкентте көпбалалы аналарға ақшалай сый жасалмақ
8 наурыз күніне орай жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
«Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес көпбалалы аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады», — деп жазды ведомство.
Қалада 67 741 көпбалалы ана тұрады.
Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталғандар – 13 805.
Отправить комментарий