ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

✔️Түркістанда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс, ерте жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу және білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен онлайн байланыс арқылы аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Мәжіліске төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

📌– Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында білім саласын дамыту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Білім сапасын жақсарту, саладағы кемшіліктерді жою бағытындағы

жұмыстарды жалғастырамыз. Аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері өңірдегі ерте жүктілік, жасөспірімдер арасындағы суицид пен қылмыс дерегін азайту бағытында жұмыстарды жүйелеп, нақты жоспармен іс атқаруы керек. Сондай-ақ балалар лагерін жаңғырту, балаларға психологиялық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс істелуі тиіс. Осы бағытта балалар жасанды интелект арқылы психологиялық кеңеc ала алады. Жобамен барлықтарыңыз танысып, нақты ұсыныстар беріліп, жұмыстар атқарылсын. Осы саладағы жұмыстар қатаң бақылауда болады, – деген облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы тиісті жұмысты уақтылы атқару керектігін жеткізді.

✔️Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ол кәмелетке толмағандардың арасында өзіне қол жұмсау фактілері статистикалық деректерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін айтты.

Отправить комментарий