Мас жүргізушілерге жеңілдік – қауіпті қадам

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров мас күйінде көлік жүргізгендерге жазаны жеңілдетуге болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ішімдік көптеген қайғылы оқиғаларға себеп болып отыр. “Жол апаты, адам өлімі, отбасының бұзылуы – бәріне арақ кінәлі”, – деді депутат.

Бұл пікір депутат Николай Арсютиннің мас жүргізушілерге қолданылатын жазаны жұмсарту туралы ұсынысынан кейін айтылды. Арсютиннің ойынша, қатаң жаза жемқорлық қаупін күшейтуі мүмкін.

Алайда, көптеген сарапшылар мен қоғам белсенділері жазаны жеңілдету жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетінін айтып, бұған үзілді-кесілді қарсы шығуда.

Отправить комментарий