Кентауда тұрғындармен заң және тәртіп мәселелері бойынша кездесу өтті

Кентауда тұрғындармен заң және тәртіп мәселелері бойынша кездесу өтті
– деп хабарлайды Azatnews.kz тілшісі.

Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» шеңберінде мобильді топ тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шара апталық жоспардың «Қоғамға қызмет ету» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Кентау қалалық прокуратурасы және облыстық Полиция департаментінің мамандары қатысты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер ұсынылды.

Отправить комментарий